Бүгін Қазақстанның 9 өңірінде аптап ыстық болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 15 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.