«Торғай-Петролеум» АҚ мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС жауапкершілікке тартылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Торғай-Петролеум» АҚ мен «СПФ Монтажспецстрой» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті компанияларға қатысты ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізген.
Тексеру барысында аталған ұйымдар радиоактивті қалдықтармен, иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар және қондырғылармен, радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар және қондырғылармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамайтыны анықталды.
Тексерудің нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.