Жел болуы мүмкін
13 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.