12 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 12 шілде күні ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанда, күндіз Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық болады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында ыстық, кей жерлерде аптап ыстық күтіледі.
Қызылорда, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.