Өзбекстанда алғашқы қазақстандық банк ашылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Өзбекстан астанасында қазақстандық «Tenge Bank» банкінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараны аша отырып, еліміздің Өзбекстандағы Елшісі Дархан Сатыбалды Қазақстан банкінің ашылу мәселесін жедел пысықтағаны үшін Өзбекстан Үкіметі мен Орталық банкінің басшылығына алғысын білдірді. Жеке және заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсету үшін «Tenge Bank» барлық жағдайды жасайды. Елші қазақстандық және өзбек кәсіпкерлері арасында экспорттық-импорттық операциялар жүргізу мүмкіндігін кеңейтетін сауданы қаржыландыру тетігін ерекше атап өтті.
Ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушылар Банк әкімшілік корпусына барып, ұсынылған банк өнімдерімен, сондай-ақ банктің орта мерзімді кезеңге арналған ағымдағы жоспарлары мен даму перспективаларымен танысты.

