Қызылордада полицей ұстаған жүргізуші көз жұмды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға 10 шілдеге қараған түні болған.
«Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны спирт ішімдігін ішіп автокөлік басқарған. Полиция қызметкерлері оған автокөлікті тоқтату жөнінде заңды талап қойған, бірақ ол талапқа бағынбаған. Мас күйінде көлік жүргізген азаматты тоқтатып, қызметтік автокөлікке отырғызу барысында ол кенеттен есінен танып, құлаған. Полицейлер бірден жедел жәрдем шақыртты, ол медициналық көмек келгенде көз жұмған. Сот-дәрігерлік сарапшының мәйітке сырттай қарау жүргізу барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.