Қазақстандықтар қандай мамандықпен көп жұмыс іздейді?
Қазір жаңа мамандықтар көптеп пайда болуда. «НeadHunter Kazakhstan» веб-сайтында жарияланған бос жұмыс орындарын талдау жасап көрді.
Ерлер мен әйелдер айналысатын кәсіптің ежелден қалыптасқан қағидасы бар. «Еркек ақша табушы, әйел сол ақшаны орнымен жұмсаушы». Алайда, уақыт өте келе бұл ұстанымда өзектілігін жоғалтып барады. Еңбек нарығында өзгерістер болып, жаңа мамандықтар пайда болуда. Десекте, әйелдер мен ерлер арасындағы нақты айырмашылықтар сақталды.
«Қазіргі әлемде еңбек нарығындағы гендерлік теңгерім өзгере бастады. Еркектер айналысатын кәсіп, әйелдерге лайықты жұмыс деген ұғым жоғалып барады. Есесіне жаңа кәсіптер пайда болуда, - деді маркетинг бөлімінің менеджері Дана Қасымова.
Дегенмен, ауыр физикалық еңбекте, ер азаматтардың артықшылығы әлі де сақталған. Бұдан басқа, Еңбек кодексінде нәзік жандыларға тыйым салынған бірқатар жұмыс орындары бар, атап айтсақ, дәнекерлеу, сантехника, тау-кен жұмыстары, қорғасынмен жұмыс істеу, электротехникамен байланысты мамандықтар мен геологиялық барлау жатады. Олардың көпшілігі жер асты жұмыстарымен байланысты. Ауыр көтеру, денсаулыққа зияны бар өндірістер және жарылыс жұмыстарын айтуға болады. Сондай-ақ, мұнайшылар, газ құтқарушылары, кран операторлары арасында әйелдер жоқ.
«Ер адамдарға шыдамдылық, стратегиялық ойлау, төзімділік, ұстамдылық және қаталдық сияқты кәсіптік қасиеттерді жатқызуға болады. Hh.kz сайтының мәліметтері бойынша, еркектер төмендегі мамандықтар бойынша жұмыс істейді: автомобиль бизнесі (92,82%); қауіпсіздік (92,46%); басшылық (68,49%); шикізатты өндіру (85,83%); сатып алу (61,70%); монтаждау және қызмет көрсету (95,60%); ақпараттық технологиялар, интернет, телекоммуникациялар (79,64%); өндіріс (77,98%); түрлі қызмет көрсететіндер (92,53%); құрылыс және жылжымайтын мүлік (79,38%); көлік, логистика (82,41%); қызметкерлерді басқару (79,76%) », - деді Дана Қасымова.
Оның айтуынша, әйелдердің бойында мына қасиеттер табылуы керек: ұқыптылық,табандылық, адалдық пен шыдамдылық . Әйелдер басым бөлігі экономика саласын таңдайды (81,98%), есепші (66,16%), медицина (74,47%), ғылым және білім (79,88%), сұлулық пен фитнес салондары (68,73%), сақтандыру қоры (61,87%).
Соңғы алты айда ерлер арасында ең көп сұранысқа ие кәсіптік бағыттар: өз кәсібін бастау (16,43%), сату (11,54%), өндіріс (9,21%), көлік, логистика (8, 60%), IT, телекоммуникация, интернет (8,48%),
«Еркектердің 44,29% -ы 142,5 мыңнан 285 мың теңгеге дейін жалақы алғысы келеді », - деп атап өтті компания.
Сондай-ақ, HeadHunter Kazakhstan ұсынған ресми мәліметтері бойынша, әйелдер қауымы өздерінің түйіндемелерін келесі кәсіби бағыттарда орналастырды: еңбек жолын алғаш рет бастау, бухгалтерлік есеп, басқарушылық есеп, қаржы компаниялары; сату; әкімшілік қызмет көрсету, банктер, инвестициялық жоба ұсыну, лизинг. Әйелдер арасында ең көп талап етілетін еңбекақы мөлшері 100 800-ден 201 700 теңгеге дейін.
ҚР заңнамасында мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге кепілдік беріледі.
«Конституцияға сәйкес әрбір адам еңбек ақысын алуға құқылы. Барлық адам заң мен сот алдында тең. Азаматтық, әлеуметтік, лауазымдық және қаржылық жағдайына, жынысына, ұлтына, тіліне, дініне, діліне, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға байланысты ешкімге кемсітуге жол берілмейді »,-дейді компания өкілдері.