Билік өкілдері халықпен кездеспесе қоғамдық сенім қайдан болады? – Б.Байбек
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Халық сеніміне ие болу үшін бұқарамен байланысқа баса мән беріп, елмен етене жұмыс істеу керек. Бұл ретте партиялық бақылау күшейтілуі тиіс. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның кезектен тыс 25-конференциясында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біздің қолымыздағы деректерге сүйенсек, алғашқы жарты жылдықта партияның Орал қалалық филиалында қала әкімінің орынбасарлары бір де бір қабылдау өткізбеген. Алдағы уақытта партия бұл мәселені қатаң бақылауға алуы тиіс. Егер халықпен кездеспесе, қандай қоғамдық сенім туралы айтуға болады?», - деді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.