Қызылорданың орталық стадионы пайдалануға берілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның салтанатты ашылуы өтті.
Стадионның ашылу салтанатында «Қайсар» мен «Шахтер» командалары арасында алғашқы ресми матчы өтті. Футболшылардың ойынын тамашалауға 6500 жанкүйер жиналды.
Шара барысында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов тұрғындарды стадионның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, еуропалық стандарттарға сай келетін құрылыстың жоғары сапасын атап өтті. Клубтың футболшылары мен бапкерлер штабы Қазақстан кубогының финалына шығуымен құттықтады. Салтанатты рәсімде эстрадалық әнші Жарасхан Төлебай өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұл құрылыс нысанда қайта жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Жөндеу жұмыстары стадионның сыртқы келбетін өзгеруін қамтып, прожекторлар, орындықтар, алаң жабыны ауыстырылды. Қазір алаң еуропалық стандарттарға сәйкес және халықаралық матчтарды қабылдай алады.