Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сот вице-министрге үкім кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған дейін үлкен көлемде пара алды деп қамауға алынып, ізінше қызметтік бабын асыра пайдаланды деп айыпталған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот процесі осы аяқталды. Сот оны кінәлі деп танып, 2500 АЕК көлемінде айыппұл салды, сонымен қатар өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.
Эльмира Суханбердиевамен қатар елордадағы №3 мектеп-гимназияның бұрынғы директоры Елена Шеверняеваға да үкім шықты.