Қызылордада өткен айда күріштің бағасы 7,2% қымбаттады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы маусымда тұтыну тауарлары бағасының индексі 100,5% құрады.
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2%, азық-түлік емес тауарларына - 0,6%, ақылы қызметтер тарифтеріне - 0,7%-ға жоғарылады.
Азық-түлік тауарлар тобында өткен айда бағаның жоғарылауы күрішке 7,2%, етке – 1,7%, өсімдік майына және алкогольді сусындарға – 0,5%-дан, жармаларға, жаңа жиналған жемістерге және алкогольсіз сусындарға - 0,3%-дан, қантқа - 0,1%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге - 10,2%, жұмыртқаға – 9,6%, сүзбеге - 4,8%, шикі сүтке - 0,5%-ға тіркелді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі асханаға қажетті құралдарға 3%, киім және аяқ киімдерге - 1%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,8%, тұрмыстық аспаптарға - 0,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 0,4%-ға тіркелді. Бензин 0,2%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында баға саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға - 14,4%, демалыс, ойын-сауық және мәдениетке - 2,7%, денсаулық сақтауға - 1,5%-ға жоғарылады. Бағаның өсімі жолаушылар темір жол көлігіне - 7,4%, әуе көлігіне - 6,3%-ға тіркелді.