10 шілде: Елде орын алған оқиғалар
1919 жылы БОАК «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» қаулысы қабылданды. Оның алғашқы құрамына С.Пестковский, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, М.Тұнғаншин, Б.Қаратаев, С.Меңдешев кірді.
1965 жылы Маңғышлақ мұнайының бірінші эшелоны мұнай өңдеу өнеркәсібіне жөнелтілді.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Алматы қаласындағы Қазан төңкерісінің 50 жылдығы атындағы спорт сарайы ақын, әнші және композитор Балуан Шолақ есімімен аталды.
2006 жылы қызылордалық жазушы-заңгер Әмірхан Бәкірұлының Мұстафа Шоқай өмірін зерттеп жазған «Мұстафа Шоқай» атты кітабы Түркияның «Erzurum» баспасынан түрік тілінде басылып шықты. Автор Шоқайдың өмірі мен қызметі, саяси қайраткерлігі, ұлт азаттығы жолындағы азапты өмірі туралы тым ертеден деректер жинай бастаған. Онда тарихи нақты құжаттар мол, түркі тілдес халықтардың Шоқай туралы кеңінен деректер алуына мүмкіндік жасалған. Көркем безендірілген туынды түрік тілдес оқырмандарына жол тартты.
2007 жылы Тараздың металлургиялық зауытында алғаш рет күкіртсиликомарганец балқытылған №5 пеші іске қосылды. Бұл болат балқыту және құю өнеркәсібінде пайдаланатын темір марганецтің және кремнийдің қоспалы қорытпасы.
2009 жылы Қостанай облысының Жітіқара қаласында ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш қаланың ортасындағы гүлзарда орналасқан. Төрт метрлік ескерткіште әскери тапсырманы орындап қайтып келе жатқан жауынгерлердің бейнесі бейнеленген. Ескерткіштің авторы - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Құбай Ахмет Құсайынұлы.
2009 жылы Алматы облысындағы Талғар ауданы Еламан ауылында «Қазақстан-Қытай» газ желісі алғашқы бөлігінің дәнекерлеу жұмыстары аяқталды.
2013 жылы Батыс-Қазақстан облысының археологтары Қазақстанда ортағасырлық қалалық мәдениет болғанын айғақтайтын заттар табылды. Табылған «Тас оба» қалашығы Ақжайық ауданы Есенсай кентінің маңында орналасқан. Біздің заманымыздың XIII ғасырында болған деп есептеледі.
2013 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша «Tanaris Production» кинокомпаниясы Алматыда жаңа қазақстандық «Оралу» телехикаясын түсіре бастады.
2013 жылы Сол кездегі ҰҚК басшысы Нұртай Әбіқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының бірінші кеңейтілген отырысы өтті.
2018 жылы Қызылордада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин (2018 жылы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінде болатын-авт.) мен «Роскосмос» корпорациясының директоры Дмитрий Рогозинмен кездесіп, ғарыш саласын дамыту және Байқоңыр қаласын бірлесіп пайдалану мәселесін талқылады.
Кездесуде Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығына қатысты бірнеше ұсыныс енгізді.
2018 жылы Жайылманың қарбызы Ресей мемлекетіне жол тартты.