Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 10 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Сізге көмектесемін деген жандар сөздерінен айнып қалуы мүмкін. Түске дейінгі уақытыңыз соны ойламен-ақ өтіп, тек түстен кейін істі өз қолыңызға аласыз.
Торпақ
Түске дейін маңызды шаруалармен айналыспағаныңыз жөн. Сондай-ақ кездесу ұйымдастырып әуреге түспеңіз. Себебі, барлығы сіз ойлағандай болмайды.
Егіздер
Жан-жағыңызға, жұмысқа өте сақ болыңыз. Таяз ойланып, іске салғырт қарайтын болсаңыз, кейін опық жеп қалуыңыз мүмкін. «Жет рет өлшеп, бір рет кес» дегенді ұмытпаңыз.
Шаян
Бүгінгі күнді тек демалысқа арнаңыз. Көптен бері кейінге қалып келе жатқан істі аяқтаймын деп әуреге түспеңіз. Сонымен қатар бүгін ешқандай жоспар құрмаңыз.
Арыстан
Егер өз күшіңізге сенер болсаңыз, жетер жетістігіңіз аз болмайды. Өзгелердің ізімен жүріп, оларды үлгі тұтудың қажеті жоқ. Мақсатқа жетуде өз жолыңызды таңдаңыз.
Бикеш
Сапарға шығуға қолайлы күн. Дәл қазіргі сәтте орын алып жатқан жағдайды өзгертуге тырысыңыз. Бір орында тоқтап қалуға болмайды. Сондықтан алысқа «көз тастап», жаңа істі қолға алудан қорықпаңыз.
Таразы
Маңызды мәселелерді шешуге қолайлы күн. Сонымен қатар шығармашылығыңызды шыңдауға да мүмкіндік бар. Жетістікке тез қол жеткізіп, жақындарыңызды таң қалдырасыз.
Сарышаян
Сабырлы болыңыз. Әйтпесе, қателіктерге жол беруіңіз мүмкін. Өзгелердің айтқанына ермегеніңіз жөн. Сондықтан өзіңіз шешім қабылдап үйреніңіз.
Мерген
Түске дейінгі уақытыңыз қызықты, әрі, тосынсыйға толы болмақ. Бірақ бұл қызықты сәт көпке созылмасы анық. Яғни, түстен кейінгі уақытта өзіңізге ұнамайтын іспен айналысуға тура келеді.
Тауешкі
Ашушаң болмаңыз. Әйтпесе, күніңіз сіз ойлағандай болмайды. Болмашыға жүйкеңізді жұқартып, ұсақ-түйекке көңіл бөлудің қажеті жоқ. Түстен кейін өзіңіз сағынып жүрген жандармен кездесесіз.
Суқұйғыш
Бүгінгі күніңіз қарбаласқа толы болмақ. Бұл күннен қызықты оқиғалар күтіп, жеңіл жолмен жетістікке жеткісі келгендер, сіздердің ойларыңыз жүзеге аса қоймайды. Сондықтан барлығына дайын болыңыз.
Балықтар
Қиындықтар туындайды, түсінбестік орын алады. Бірақ сіз бұған бас қатырмайсыз және өте дұрыс жасайсыз. Сондықтан да барлық қиындық тез ұмытылып, ісіңіз алға басатын болады.