Тамара Дүйсенова Nur Otan-дағы қызметінен кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жариялады.
Бауыржан Байбек «Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты», – деп жазды.
Сондай-ақ нәтижелі еңбегі үшін Тамара Дүйсеноваға партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.