Қазақстанның 7 облысында аптап ыстық болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжамынша, 9 шілде күні бірнеше облыста аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
9 шілде күні күндіз Атырау облысында ауа температурасы 35-38 градус айналасында болады.
Атырау қаласында 9 шілдеде күндізгі ауа температурасы 35-37 градусқа дейін ысиды.
9 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде күндізгі ауа температурасы 39 градус, ал 10-11 шілде күндері 41 градусқа дейін жетеді.
Таразда 10-11 шілдеде күндізгі ауа температурасы 38-40 градус айналасында болады.
9 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы 36 градус болып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Сондай-ақ, 10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус ыстық күтіледі.
9 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41°С қатты ыстық күтіледі.
10-11 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.