Арыста тағы оқ-дәрі жарылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арыста оқ-дәрі жарылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
«Аумақта инженерлік-саперлік бөлімдер оқ-дәрі бөліктерін жинап жүрген болатын. Осы кезде тыйым салынған аймақта оқ-дәрі жарылып, тұтанды», деп жазылған хабарламада.
Әскери өрт сөндірушілер өрт ошағын ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Жергілікті халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері жұмысты аяқтағанға дейін арсенал аумағына жақындауға болмайтынын ескертеді», деп атап өтті ведомстводан.