Қызылордалық емханаларда ашық есік күні өтуде
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордалық емханалар Елорда күніне орай ашық есік күнін өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қан қысымым жоғары еді. Соны өлшетіп келіп жатырмыз. Сонымен енді дәрігерге барып, ем-дом алуға бара жатырмыз», - деді қала тұрғыны Ләйла Күдербаева.
«Ашық есік күндерінде біз өзіміздің тіркелген халықтарымызға қан қысымын, қантын, холестеринін, бойын, салмағын өлшеп, ауытқу болған жағдайда соларға кеңес беріп жасап жатырмыз», - дейді №3 емхананың бас дәрігері Гүлстан Мақсұтова.