6 шілде – Елорда күні
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін – еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Биыл елорда күні 21 мәрте тойлануда.
Бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда аталып өтетін.
Ал 2008 жылдан бері мереке шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланды. Осылайша «Мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерден соң 2009 жылдан бастап 6 шілде мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп келеді.