ШЫҚҚАНЫНА 7 ЖЫЛДАН АСПАҒАН АВТОМОБИЛЬДЕР ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің өкілдері көлік құралдарының техникалық байқаудан міндетті өту ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Kolesa.kz.
Шенеуніктер осы жылдан бастап, заңнамаға өзгертулер енгізілгеннен кейін міндетті техникалық байқаудан коммерциялық емес әрі шыққанына жеті жылдан аспаған автомобильдер босатылатынын айтты. Сонымен қатар, көліктің есепке алынған уақытына байланысты емес екені белгілі болды.
Яғни осы жылы 2008 жылдан кейін шығарылған автокөліктерді техникалық байқаудан өткізудің қажеті жоқ. Тіпті осыған дейін техникалық байқаудан өткендер де мұндай талаптан босатылып отыр. Ал шыққанына 7 жылдан асып кеткен автомобильдердің жүргізушілері жыл сайын техникалық байқаудан өткізуі міндетті, бірақ талонды өзімен бірге алып жүрмеуге құқығы бар.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың күзінде республикада техникалық байқаудан өту туралы талон алып тасталған еді. Барлық мәлімет енді мәліметтер базасында сақталады, жүргізушілер темір тұлпардың техникалық жағдайы туралы қағаз алады.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шыққанына 7 жыл болмаған, коммерциялық емес жеке автокөліктер үшін техникалық байқаудан өтуді және көлікті басқаруға арналған сенімхатты алып тастауды тапсырған болатын.