Екпінді жел, бұршақ: 5 шілде күнгі ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 5 шілде күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» синоптиктерінің ақпаратына сүйенсек, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанда облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Атырау облысының жекелеген аумақтарында дауыл, бұршақ болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. күндіз бұршақ жауады.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, сондай-ақ Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.