Ұлттық банк көпбалалы отбасылар үшін ипотека бойынша қолдау жасауға дайын
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Ұлттық банкі көпбалалы отбасылар, толық емес және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар үшін ипотека бойынша Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаржылық қолдау жасауға әзір. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҰБ басшысы Ерблат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңіз білесіздер, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің стандартты талабы - 20 жыл, ставка - 2 пайыз. Банк бізге қосымша көмек бойынша өтінім жасаған жоқ. Әзірге, өздерінің жеке қаржысы есебінен еңсеріп келеді. Алайда қажеттілік болса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қолдауға әзірміз», - деді Ерболат Досаев депутаттар сауалына жауап бере отырып.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымық даму министрігінің мәліметінше, аталған ипотека 2 пайызбен 20 жылға беріледі. Бұл бағдарламада бастапқы жарна 10 пайыз деңгейіне.
Бағдарлама талаптарына сәйкес, құжат тапсыру кезінде әрбір отбасы тұрып жатқан қаласындағы әкімдігіне барып, «Көпбалалы отбасы», «Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп жатқан отбасы», «Толық емес отбасы» санаттары бойынша кезекке жолдама алады.