МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 200 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ГРАНТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған «Жұлдыздарға қара» жобасының І кезеңі бойынша жеңіңмпаздарға гранттар табысталды.
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржыландыруымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» корпортативтік қайырымдылық қоры бірлесе ұйымдастырған жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіпкерлікті дамыту. Конкурстың бірінші кезең жеңімпаздары және 200 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант иегерлері:
Жұманов Ғалым – 1964 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1989 жылы Павлодар индустриалды институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша бітіріп, 15 жыл қатарынан өз мамандығы бойынша түрлі қызметтерде жұмыс жасады. 2001 жылы абайсыз оқиғаның салдарынан 1-ші топ мүгедегі атанып, тағдырдың тауқіметіне жолықты. Еңбектеніп үйренген адам ретінде Ғалым ендігі жерде жұмыс істей алмайтынына көндіге алмады. Ең оңтайлы шешім бұл жағдайда өз бизнесін ашу болды және өзі басшы ретінде басқа азаматтарды жұмыспен қамту болды. Осылайша ол 2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, өзінің шағын кір жуатын цехын ашты.
Грант қаражатына Ғалым Жұманов цехына қажетті үтіктейтін пресс және кептіретін машина сатып алады. Ал көрсетілген қолдау оның бизнесінің алға жылжуына ықпал ететіндіне ол кәміл сенеді. Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер үш азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Нарымбетов Еркін 1976 жылы Жалағаш ауданында туылған. 1983 жылы №115 мектеп табалдырығын аттап, сол жерде орташа білім алады. Мектеп жасынан Еркін ән айтып, түрлі музыка аспаптарында ойнап, өзін өнер жолында таба білді. Түрлі іс-шараларда ән салатын Еркін, мектеп бітірісімен өз өнерін дамытып, хоббиін пайда көзіне айналдырды. Еркіннің сөзінше, ол аяқ-астынан болған оқыс жағдай нәтижесінде мүгедек атанған жоқ,денсаулығы мектеп жасынан нашарлаған. 5-ші сыныптан бастап көру қабілеті нашарлап, соның салдарынан 1-ші топ көз мүгедегі болып қалды. Алайда көру қабілетінен айрылғандығына қарамастан, Еркін мойымады. Тынбастан еңбек етіп, кішкене болса да өз кәсібін ашып алды. Үлкен отбасын құрып, жұбайы екеуі қазіргі таңда 4 бала тәрбиелеп отыр. Түрлі іс-шараларда ән айтып, ұымдастыру жұмыстарымен қатар, үйінің жанынан музыкалық үйірме ашып, балаларға ән салуды да үйретіп жүр.
Ақбергенов Бектұрсын –1977 жылы Жалағаш ауданында туылды. 5 айлық кезінен бастап қатты ауыра бастаған Ақбергеннің денсаулығы үшін ата-анасы әбден күресті. Алайда, қатерге жолыққан баланың денсаулығы түзелмей, ол амалсыздан мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына қосылды. Өмір бойына 2-ші топ мүгедегі атанды. 9 сыныпты бітірген Бектұрсын мүгедектерге арналған Шымкенттік бухгалтерлер мектебін бітіріп, мамандық алды. Кейін шамалы уақыт өз мамандығымен жұмыс жасап, өз нанын өзі бастады.. Бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жасауға жарамай, достарының кеңесімен үй ішінен өз кәсібін ашуды ұйғарды. Жұмыс барысында компьютерді жақсы меңгерген Ақберген, осы салада ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді мақсат етті. Оның бұл кәсіпті бастауына «Даму Қоры» АҚ «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында қолдау көрсетіп, қажетті компьютер мен көшірме аппаратын сыйға тартты. Міне,осы сәттен бастап ол кәсіпкер атанды.
Оның шағын кәсібін дамытуға «Жұлдықдарға қара» жобасы септігін тигізіп, бүгін ол үй ішінде ұйымдастырған компьютерлік орталығына жаңа ноутбук, фото принтер және тағы да басқа техника алуға қол жеткізіп отыр
2014 жылы Казкоммерцбанктің мүгедек кәсіпкерлердің үздік жобаларын жүзеге асыруына бөлетін ақшалай грант қорын - 16 миллион теңгеге дейін көбейтті. Бір гранттың сомасы 100 мың теңге, осыған қарамастан әр жобаның иесі оның ерекшелігіне қарай 200 мың теңгеге дейінгі грантты да ұтуға мүмкіндігі бар. Грант қорын арттыру туралы шешімді конкурс ұйымдастырушылары өткен жылдық конкурсқа қатысушылардың өтініштерін ескере отырып, сондай-ақ экономикалық шарттардың өзгеруі, ең бірінші бизнеске арналған құрал-жабдықтар бағасының өсуіне байланысты қабылдады. Грант жеңімпаздары санын өткен жылмен салыстырғанда 20-ғат көбейтіп, 80 кәсіпкер қайтарымсыз грант алатын болды, 2013 жылы 60 мүгедек кәсіпкер өз жобаларын қаржыландыруға грант алып, бүгінде жүзеге асырып жатыр.
Конкурсқа қатысушылар конкурс соңында жеңімпаз болу мүмкіндігімен қатар, «Даму» Қорында өтетін тегін тренинг-семинарларда бизнес-жобспарларды жасау тәсілі мен бизнесті жүргізу бойынша оқудан өтеді. Бұл мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің санын арттыруда үлкен көмегін тигізді. Ағымдағы жылы конкурсқа өтініш берген кәсіпкерлердің жартысынан көбі «Даму» Қорының «Бизнес-Кеңесші» оқыту жобасына қатысты.
«Даму» Қорының филиалдарында конкурсқа өтініштер еліміздің барлық 14 облысында және Астана, Алматы қалаларында қабылданды. Тек конкурстың бірінші кезеңінде әділ қазылар алқасы 132 өтінішті қарап, оның ішінен 42 жобаға грант бөлінетін болып шешілді. Аса белсенділікті Қазақстанның аймақтардан мүгедек кәсіпкерлер танытты.
«Жұлдыздарға қара» жобасы - екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңге қатыса алмай, гранттан қағылған мүгедек кәсіпкерлер өз бақтарын екінші кезеңге қатысып, сынауға болады. Екінші кезеңге өтініштер 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 26 қазаны аралығында қабылданады. Конкурсқа Қазақстанның кәмелеттік жасқа толған әрі мүгедек топтағы бастауыш немесе жеке кәсіпкерлікпен жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер қатыса алады. (ЖК тіркелген уақыты 01.01.2012 жылдан ерте емес).