ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰРЛЫҚ ПЕН БҰЗАҚЫЛЫҚҚА БЕЙІМ БОП ТҰР
Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айбек Әбу 6 айдың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен кездесті.
Осы уақыт ішінде сот өндірісіне 56 адамға қатысты 41 қылмыстық іс, 149 талап арыз, 1 азаматтық іс, 312 әкімшілік іс түскен. Әкімшілік істердің 278-і бойынша айыппұл салынса, 32-сі өндірістен қысқартылды. Соттың 2 үкіміне апелляциялық, кассациялық шағымдар түсіп, нәтижесінде үкімдер күшінде қалдырылды.
Қылмыстық істердің басым көпшілігін ұрлық, тонау және бұзақылық қылмыстары құрады. Ал азаматтық істердің дені бала асырап алу, ата-аналық құқығынан айырумен байланысты.