Білім вице-министрі Суханбердиеваның соты басталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Есіл аудандық сотында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның соты басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Эльмира Суханбердиеваның ісі 2 шілдеде басталып, сол күні судьяның қарауына берілді. Сотта судья Бақытжан Есенов төрағалық етеді.
Суханбердиеваның ісі
Маусым айында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қызметін асыра пайдаланды, пара алды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді. Шенеунік 2 тамызға дейін қамауға алынған болатын.
Оған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты ұстап, ол сотқа дейінгі тергеулер біткенше қамауға алынды.