Аптап ыстық басылды: 4-6 шілде аралығында ауа райы қандай болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 4-6 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік облыстарда орташа көпжылдық мәнге жуық ауа температурасымен жылы ауа райы күтіледі. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары деп болжанғанымен, 40 градустық ыстық болмайды.