«Туған елге саяxат» туристік пойызы Байқоңырға келеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Елімізде «Туған елге саяxат» атауымен балалар туристік пойызы іске қосылды.
Бұл пойызбен 200 бала саяxатқа шығып, қазақ елінің көрікті тариxи орындарын аралайтын болады. Олардың қатарында Байқоңыр қаласы да бар.
Өзге елде тұратын қазақ балалары осы туристік пойыз арқылы алғаш рет атамекенге саяхат жасайды. Жас саяхатшылар қатарында шығармашылық байқаудыӊ жеӊімпаздары да бар. Олар бұған дейін ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласын аралап, түрлі зияткерлік ойындар, спорттық жарыстар, ағылшын тілі курстары сияқты үйірмелерге қатысқан. Аталған жоба осымен төртінші жыл ұйымдастырылып, балаларға қуаныш сыйлап отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жоба арқылы олар оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттырып, Отанын сүюге тәрбиелеуді мақсат етеді.
«Мен Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан келдім. Саяхаттың басталғаны бізге керемет әсер қалдырып жатыр. Мен келе жатқан экскурсиядан өзім көрмеген жерлерді көріп, қызықты мағлұмат аламын деген сенімдемін» жас саяхатшы Айзада Амангелді.
«Бізде Беларусь, Ресей және Қырғызстан Республикасынан балалар бар. Осы саяхатымыз 5 қалада болады. Олар – Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш бағыты», - дейді әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгербаев.