Мұрат Жүребеков ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Түрлі жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондон қаласындағы "Аджип ККО", "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС қызмет еткен.
2017-2019 жылдары - "PSA" ЖШС бас директоры (Мұнай-газ жобалары бойынша ҚР Үкіметінің өкілетті органы).