ҚР Президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-07/1562073608_2kadr1.jpg)
Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;
Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;
Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.