«Дипломмен – ауылға» жобасы қарқынды іске асырылуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Елімізде 2009 жылдан бері Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Дипломмен – ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бағдарлама арқылы жастар өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден орындарын табуға мүмкіндік алды. Бүгінде жас мамандар ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы салалары бойынша қызмет етуде. Бағдарлама іске асырылған 9 жыл ішінде ауылдық елді мекендерге 54 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмысқа келсе, оның 4387-і аймағымызға тиесілі.
Өңір жастарының бұл жобаға қызығушылықтары жоғары. Жыл сайын кем дегенде мамандардың қызығушылығы 27,6 пайызға өсім көрсеткішіне ие дегенді білдіреді.
Жоба аясында қолдау көрсетілген мамандардың басым бөлігі білім саласына тиесілі. Өңірімізде өткен жылы 401 маманға көтерме жәрдемақы берілсе, оның 56 пайызы осы саланың және 34 пайызы денсаулық саласының үлесінде.
Биыл Елбасы "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты жастар жиынының салтанатты ашылуында "Дипломмен ауылға!" мемлекеттік бағдарламасына енгізілетін мамандықтардың тізімін кеңейтуді ұсынған болатын. Сондай-ақ, көшіп барған жас мамандар үшін төленетін айлық жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 айлық көрсеткішке дейін арттыруыды тапсырды.
Жалпы жоба аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге барған мамандарға екі түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Біріншіден, ол 70 айлық есептік көрсеткішті құрайтын бір жолғы көтерме жардемақы, яғни бұл дегеніміз биыл 176 750 теңге көтерме ретінде беріледі.
Екіншісі, сол маманның ауылдық елді мекеннен үй сатып алу үшін немесе салу үшін берілетін бюджеттік несиесі. Бюджеттік несиенің көлемі 1500 айлық есептік көрсеткішті құрайды, яғни 3787,5 теңге пайыздық мөлшермен 15 жыл мерзімге беріледі. Бұл үстемесі жоқ бюджеттік тілде айтқанда нулевой пайызбен берілетін несие.