Қызылордалық полицейлер көпқабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірді (видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіріп, оқыс оқиғаның алдын алды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері кіші сержант Әлихан Тұрғанов және аға полиция лейтенанты взвод командирінің орынбасары Жасулан Мамбетжанов қызмет барысында көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
«Тұрғындарға өрт сөндіру қызметін шақыртуды сұрап, тілсіз жаудың алдын алу үшін Әлихан Тұрғанов балконға өрмелеп шығады. Ол өртке оранған ағаш үстел мен кілемді төменге лақтырады. Көршілердің көмегімен өрт өшіріліп, тілсіз жау біріккен жедел істің арқасында ауыздықталды. Осы сәтте Жасұлан Мамбетжанов барлық тұрғындарды өрттен қауіпсіз жерге алып шығып, жедел әрекет етті» деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орынан жедел жеткен өрт сөндірушілер полицей қызметкерлерінің іс-әрекетіне оң баға берді.