Қызылордада дауыл соғып, найзағай ойнайды
«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 2 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.