Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 3 балабақша салынуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында 3 балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазір жазғы сауықтыру-шынықтыру кезеңі. Бұл кезеңде робототехника, робо-лего үйірмесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар суретшілер үйірмесі бар. Үйірмеде арнайы маман жұмыс жасайды. Сонымен бірге хореографиялық би жетекшісінің үйірмесі, ән-би бұдан басқа ойын түрлеріне байланысты үйірмелер жұмыс жасайды. Үлгілі тәрбиеші, үлгілі балабақша номинациясы бойынша биылғы жылы үлкен жетістіктерге жеттік», - дейді балабақша меңгерушісі Жанат Мұхамбетқалиева.
«Бүгінгі таңда облыс бойынша 667 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Онда 61 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 72% жеке сектор үлесінде. Екі балабақша мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салынып, жұмыс жасауда», - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Берік Жәнібеков.