Қызылордада мал терісін сатып алу пункттері жабылуда

Мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға кедергі келтіріп отырған бұл проблема Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген «Қалпына келтiрiлетiн қағазды, картонды, макулатураны және қалдықтарды, ірі қара малдың өңделмеген терісін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» құжатынан кейін туындаған.
Аталған құжатта «ірі қара малдың өңделмеген терісін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 4101) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - деп көрсетілген.
Қазір облыстық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратына және Ауылшаруашылық министрлігіне аталмыш мәселе жөнінде хат жолдап, кәсіпкерлердің проблемасын жеткізді.
Алайда Жасұлан Серіковтың айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың тамыз айында бұл шектеуді 5 жылға дейін созуды жоспарлап отыр екен. Аймақ кәсіпкерлері бұл жаңалыққа алаңдаушылықтарын білдіруде.