Шағын футбол турнирінде «Тура би» топ жарды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалыда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің үздігі, полиция майоры, марқұм Жаңабай Нысанбаевты еске алуға арналған шағын футболдан жарыс өтті. Аяқдоп турнирін марқұмның жұбайы Бақытгүл Нысанбаева мен ұлы Самалбек Нысанбаев және аудандық полиция бөлімі ұйымдастырды.
Құқық қорғау қызметкерлері арасында ұйымдастырылған жарысқа 6 команда қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша «Тура би» командасы жеңімпаз атанса, екінші, үшінші орындарды «Барыс» және «Алға» командалары өзара бөлісті.
Командаластарының жеңіске жетуіне ерекше үлес қосқан Айдын Бегімбайұлы «Үздік қақпашы», Хасен Алтынбаев «Үздік қорғаушы», Жалғас Жакупов «Үздік шабуылшы», Алмат Үржанов «Үздік ойыншы» атанды.
Айта кетейік, Жаңабай Нысанбаев 1967 жылдың 1 қаңтарында Қазалы ауданының Тасарық ауылында дүниеге келген. 1987 жылдан 2010 жылға дейін құқық қорғау саласында түрлі қызмет атқарған.