Әлемдегі ең ерекше марафондар

Әлемдегі дамыған елдер мен ірі қалаларда жыл сайын марафон жарысы ұйымдастырылып тұрады. Бұл – қоғамдағы саламатты өмір салтын сақтау мен күнделікті күйбең тіршіліктегі күйзеліс пен шаршауды жеңудің бір жолы да.
Марафон жарысы – кеше немесе бүгін пайда болған жоқ. Ертеден келе жатқан жарыстардың бірі. Пайда болу тарихының өзінде ақиқат бен аңыз бар. Соның бірі – грек жауынгері Фидиппид (кей жазбаларда Филиппид) есімімен байланысты. Ол афиналық әскердің жеңіске жеткен хабарын жеткізу үшін Марафон мен Афины қалаларының аралығын жүгіріп өткен. Бұл қашықтық қазіргі 42 шақырым 195 метр болған деген деректер айтылады. Әйтсе де бұл оқиғаның сан түрлі нұсқалары мен алуан аңыздары бар. Дұрысы, осы бір оқиғадан марафон жарысының тарихы басталатыны жайлы дерек қана.
Кез келген спорт түрі секілді, марафон жарысының да өз тарихы бар. Ол жайында әлі жазатын боламыз. Бүгінгі айтпағымыз – әлемдегі ең ерекше марафондар жайында.
Эвересттегі естен адасу

Эверест марафонына қатысу да оңай емес. Бірінші – денсаулық, екінші – қаржы керек. Қатысу жарнасы 2017 жылы 2450 фунт стерлинг болған. Теңге бағамымен алсақ, миллионнан асып жығылады. Қатысушылар үш апта алдын Непал еліне барып, климатқа бой үйретеді.
Ұлы Қытай қорғанындағы қиын жол

Марафон 1999 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 42,195 шақырымды құрайтын және жартылай марафон болып бөлінеді. Сондай-ақ 8,5 шақырымдық жарыс та бар. Жүгіру кезінде, баспалдақпен жоғары өрлеуде қатысушылар көп қиындыққа тап болады. Биыл бұл марафон 19 мамырға жоспарланған.
Солтүстік полюстегі саршұнақ аяздағы марафон

Жарысты ұйымдастырушы, әрі алғаш болып 42 шақырымды жүгіріп өткен Ричард Донован бұл марафонның қиындығы жайлы:
- Қатысушыларға қарда жүгіру мен қатты соққан жел көп кедергі болады. Суық сүйектен өтеді. Сондай-ақ ақ аюлардан да абай болу керек. Қарулы топ күзетіп жүргенмен, кездейсоқ шабуылдап қалуы мүмкін. Мұнда жер жоқ. Мұздың үстімен жүгіретін болғандықтан, алдын ала жолды тексеріп аламыз, - дейді.
Жалғыз қалсаң жем боласың

Аптап ыстықтағы айрықша марафон

Кеште болатын марафон

Бангкокта күндіз күн ыстық болатындықтан, марафон кешке басталады. Жарқыраған қала шамдарымен қала да көріктене түседі. Марафон жолы қаланың тарихи орындары мен ғимараттары, Чаупхрайя өзені мен корольдік резиденциясы маңынан өтеді.
Әлемде жыл сайын 800-ден астам марафон ұйымдастырылады. Байқасаңыз, танымал қалалардың барлығында жылына марафон жарысы өтеді. Мысалы, Бостон, Лондон, Берлин, Рим, Нью-Йорк, Мадрид, т.б. марафондар бар. Ал елімізде 2012 жылдан бері "Алматы марафоны" ұйымдастырылып келеді. Еліміздің өзге өңірлерінде де өткізіле бастады.
Спортсүйер қауым асыға күтетін шараға айналып үлгерген "Алматы марафоны" биыл 7-ші рет жалауын желбіретеді. 22 сәуір күні өтетін спорттық шараға биыл қатысушылар саны көбеймесе азаймайтыны анық. Себебі қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Өзге елден келіп қатысуға ниетті жандар саны көп.
"Алматы марафоны" спорттық шарасының басты мақсаты - саламатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту. Осы тұста айта кететіні, Алатау бөктеріндегі марафонның басты ерекшелігі – қайырымдылық шарасына бағытталуы.
Әлемде қайырымдылық марафондары баршылық. Алматы марафоны да осы бағытты ұстана отырып, балалар үйі мен түрлі орталықтарға көмегін тигізіп келеді. Яғни, марафоннан түскен қаржы қайырымдылық мақсатта жұмсалады. Атап айтар болсақ, 2012 жылы марафонда жиналған барлық қаржы сал балаларды оңалту және қолдау бағдарламасына жұмсалды. 2013 жылы "АРДИ" оңалту орталығындағы науқас балалардың бейімделуіне арналған шағын акваторий құрылысына берілді.
2014 жылы марафоннан түскен қаржы үш жасар Дарина Ликтың емделуіне берілді. 2015 жылы қатысушылармен жиналған қаражат Алматы Марафонының ұйымдастыру комитетімен сөйлеу қабілеті өте нашар балаларға арналған №9 арнайы мектеп-интернатының аумағында спорт кешенінің құрылысына жұмсалды.
2016 жылы "АРДИ" оңалту орталығына қимыл-тірек жүйесін қалпына келтіруге арналған медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Ал өткен жылы 6 бірдей балалар мекемесіне спорттық алаңдар, спорттық құрал-жабдықтар мен өзге де қажеттіліктерін өтеу мақсатында жұмсалды. Ал биылғы марафоннан түскен қаржы "Я с тобой" балалар хосписі, №6 интелектуалды кемшілігі бар балалар мектеп-интернаты мен Есіктегі облыстық көз жанары нашар балаларға арналған мектеп-интернат қажеттіліктеріне берілетін болады.