ХҚО қызметкерлері енді азаматтарды мекенжай тіркеуіне қоя алады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлімінде енді азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуін миграция қызметкерлерімен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де жүргізе алады.

Пилоттық жоба іске қосылған он күн ішінде аталған ХҚО-да тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметін алушылардың кезегі 100-150-ден 2-7 адамға дейін қысқарған.
Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтарында«құжаттау» (жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу, тұрғылықты жер бойынша тіркеуге қою/алу) қызметтерін миграциялық полицияның 1-3 маманы көрсетеді. Елордадағы №4 ХҚО бөлімінде орналастырылған миграциялық қызметтің 3 маманына ХҚО-ның тағы 3 операторы жүктемені азайтуға көмектеседі, сондай-ақ қызмет алушылар саны тым көбейген шақта тағы 2 ХҚО қызметкері жұмылдырылады.
Болашақта бұл пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының барлық Халыққа қызмет көрсету орталығын қамтиды деп жоспарланған.