Қызылордалықтар Арыстағы ағайынға қол ұшын созды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалына қарасты барлық аумақтық филиалдарының ғимараттарында қабылдау бекеттері ашылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Балаларымыздың жанашырлығымен, өзіміздің ата-аналардың жанашырлығын көрсеткіміз келіп тұр. Осы жерде көмек ретінде, сол жақтағы кішкентай балаларды, олар аман болса екен, осы елімізде әрқашан тыныштық болса екен, бейбітшілік болса екен деп, әрі қарай тілейміз», - дейді қала тұрғыны Индира Маханбаева.
«Арыста болып жатқан оқиға барлығымызды толғандырды және де осындай көмек қолын көрсету үшін біз осы жұмысқа атсалысып жатырмыз. Және де Назарбаев зияткерлік мектебі әрқашан осындай жұмыстарға көмектесуге әрдайым дайын және де барлық қазақстандықтарды осы жұмысқа атсалысуға шақырамыз», - дейді оқушы Диана Кәміл.