Журналистер Одағы жаңа мүшелермен толықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында Сыр елінің бір топ қаламгерлері Қазақстан Журналистер одағына қабылданды. Сонымен қатар өңірдің бірнеше журналистеріне ҚР Журналистер Одағының арнайы дипломы табысталды.
Атап айтар болсақ, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Гүлмира Ділдабекова, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Қазбек Ботаев, «Qyzylorda» телеарнасының аға редакторы Бақыт Қалдыбаева, Қызылорда қоғамдық телеарнасының аға редакторы Баян Құлтанова, Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Қазбеков және республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінің дизайнері Айнұр Үмбетова марапатталды.
Сондай-ақ шарада ҚР Журналистер Одағының мүшелік билеті 13 адамға табысталды.
Қаламгерлерге одақтың мүшелік билетін Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиал төрағасы Аманжол Оңғарбаев, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес және облыстық «Сыр бойы» газетінің редакторы Қуат Шарабидинов табыстады.
Филиал төрағасы Аманжол Сақыпұлы бұл еткен еңбектің нәтижесі екенін айта отырып, үлкен жауапкершілік жүктейтінін де жеткізді.
Одаққа қабылданған қоғам қайраткері Алмагүл Божанова сөз алып, журналистер қауымын мерекемен құттықтады.