Сырдария ауданында облыстық жастар кеңесінің көшпелі мәжілісі өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін адандық мәдениет үйінде облыстық жастар кеңесінің көшпелі мәжілісі өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов, аудан әкімдері мен орынбасарлары, облыс әкімінің кеңесшісі, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, шаруашылық төрағалары, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының мүшелері, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Көшпелі мәжілісте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Бурамбаева, Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов және Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов "Жастар жылын" өткізудің кешенді іс-шаралар жоспарының орындалу қатаң бақылдау екенін айтып, басқарма басшылары мен қала және аудан әкмдіктеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен бірге, жастарды жұмыспен қамту, кәсіби бағыт-ағдар беру бағытында жемісті жұмыс жасап келе жатқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Көшпелі мәжіліс аясында облыс әкімінің орынбасары Айдарлы және Шіркейлі ауылында құрылған "Жастар бригадасының" мүшелерімен пікірлесіп, атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Бригада мүшелеріне даңқты күрішші А.Құлбаев батасын беріп, сәттілік тіледі.