22 ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Өткен жылы сотта ішкі істер органдары 22 қызметкерінің қылмыстық істері сотқа жолданды. Сонымен қатар, ІІБ қызметкерлерінің кінәсімен 70-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық орын алған. Бул туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс прокуроры С.Нұрпейісовтің айтуынша өткен жылы қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін прокурорлық ықпал ету шараларымен ІІБ 60-тан астам қызметкері түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
«Қазіргі таңда аймақтағы полиция қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері күрделі криминогендік ахуалды қалыптастырды. Мәселен, өзінің әріптесін бірлескен топпен өлтіргені үшін Қызылорда ҚІІБ кәмілетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекциясының бастығы Шиманов, аудан тұрғынының өмірін қиған Шиелі аудандық АІІБ учаскелік инспекторы Б.Доланбековтің қылмыстық істері сотқа жолданып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді» - дейді облыс прокуроры.
Фариза ОМАРОВА