Несие бойынша қарыздарды өтеу үшін ақшаны қайдан алады?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов қиын жағдайға тап болған отбасылардың несиелерін өтеуге жұмсалатын ақшаны қайдан алатындарын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Кепілсіз тұтынушылық несиелерді, пайыздарды және біз осыған дейін атап өткен белгілі бір санаттағы тұлғалардың қарызын өтеу үшін мемлекет тарапынан шамамен 105 миллиард теңге қажет. Оның 88,5 миллиардын республикалық бюджеттен аламыз. Ал 17 миллиард теңгеге жуық ақшаны біз Проблемалық кредиттер қорындағы арнайы облигациялардан аламыз. Сондай-ақ, несие бойынша өсімпұлдар мен айыыпұлдардың 70 пайызын қаржы мекемелерінің өз шотынан өтелетінін есте сақтау қажет», - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында.