Қызылордалық көпбалалы аналар несие жайлы жаңалыққа дән риза
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде 35 мыңнан астам көпбалалы ана бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Аналар оқуға түсіремін дейді, той жасаймын дейді, өмір сүру ауқымы ауыр болғаннан кейін несиеге жүгінеді. Өйткені 6,7,8,9 баласы бар аналар бар. Балаларымызды жеткізу үшін, ешкімнен кем қылмау үшін несие аламыз. Несиелерді жауып беретін болса, өте қуаныштымыз, рақмет айтамыз», - дейді қала тұрғыны Салтанат Әйтенова.