8 шақырым жаяу жүріп өткен: Ай-күні жеткен келіншекке ешкім тоқтамаған
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арыстағы жарылыс кезінде перзентханада жатқан әйелдер эвакуациялау орындарына жіберілген. Көлік таппаған 22 жастағы келіншек 8 шақырым жолды жаяу жүріп өткен, деп хабарлайды Stan.kz.

«Алғашында, бәрі бітті деп ойладым. Сосын балам үшін жан сауғалап, алға жүруге бекіндім. Қанның қызуымен, ауруға шыдамай біраз шақырым жолды жаяу жүріп өтіппін. Қазір менің де, қызымның да жағдайы тамаша. Бүгін перзентханадан шығамыз. Өмірімізді сақтап қалған көлік жүргізушісінің құрметіне, қызыма оның анасының атын бердім», - дейді Кенжегүл Бекасыл Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Ана мен баланың жағдайы қазір тұрақты. Дәрігерлер тиісті медициналық тексеруден өткізген.