Арыс қаласында ешқандай радиация жоқ - Жандарбек Бекшин
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев алдағы үш күнде эвакуациялық қабылдау орталықтарының жұмысын күшейтіп, гуманитарлық көмек беру шарасы жалғасатынын атап өтті.
БАҚ өкілдерімен кездесу барысында әкім Арыс қаласындағы нысандар қалпына келтіріліп, тұрғындардың жағдайы жасалатынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Брифинг барысында сөз алған еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин жарылыс болған теміржолшылар қаласында дезинфекция жұмыстары жүргізілетінін айтты.
«Қоғамдық орындар, қоқыс контейнерлері, нысандар толық тазаланады. Қаладағы ауыз су жүйесі қатаң қадағаланады. Су құрамы, құбырлар тексеріледі. Эвакуациялық орындарда да мамандарымыз жұмыс істеп жатыр. Жалпы Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты», - деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ баспасөз мәслихатында ветеринар мамандар Арыстағы үй ауласында қалған төрт түлік бойынша жұмыс жүргізетінін жеткізді. Өлген мал залалсыздандырылып, заңға сәйкес өтемақы беру жолдары қарастырылады.