Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жауын жауады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты маусымның 27-сі күні республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа райы құбылып тұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, маусымның 27-сі күні аталған аумақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Дауыл тұрауы да мүмкін. Солтүстік өңірде кей жерлерде тұман түседі. Қазақстан территориясының қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы да ықтимал.
Қарағанда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, дауыл тұруы мүмкін.
Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, дауыл тұрады.
Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Сондай-ақ күндіз Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында өрт қауіпі сақталады.