Арыс оқиғасы: Әйелді арқасын төсеп, көлікке мінгізген әскери желіде танымал болды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдайлар комитеті әлеуметтік желіге тарап кеткен суретке түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Фотода Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Абылай Бабахан, Бексұлтан Ибадулла, Үсен Қазыбек, Эльдар Қырықбаев әйел адамның машинаға мінуіне көмектесіп жатыр. Сурет кейіпкері эвакуация бекетіне аман жетті», - делінген ақпаратта. «Инстаграм» әлеуметтік желісінде тараған фотоға 1 мыңнан астам оң комментарий жазылып, 56 мың адам «ұнату» басқан болатын.