Ертең Қызылордада күн ыстық болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 26 маусымда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 44°С қатты ыстық күтіледі.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.