Қызылордалық полицейлер Арыс қаласының тұрғындарына көмектесуде
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған оқиғаға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жарылыстан зардап шеккендерге материалдық көмек беру ұсынысын бірауыздан қолдап, бір күндік жалақыларын аударуда.

Облыс орталығының теміржол вокзалы маңында полицейлер халыққа көмектесуді жалғастыруда. Жолаушы поездары тоқтау себебінен жедел шаралар қолға алынуда. Полицейлер жолаушыларды қажетті бағыттағы автокөліктерге отырғызып, оларға тиісті көмек көрсетіп жатыр. Қажет болған жағдайларда медициналық көмек те көрсетілуде.
Қызылордалық полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды іске асыруда.