Арыстағы оқиғадан 165 адам медициналық көмекке жүгінді - министр Біртанов
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арыстағы жарылыс салдарынан 165 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, барлығы 165 адам медициналық көмекке жүгінген. 76 адамға амбулаториялық көмек көрсетілді. 19 пациент стационарлық емге жатқызылды. Жансақтау бөлімдерінде 15 науқас бар. Пациенттердің негізгі бөлігі Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық, облыстық балалар ауруханасында және қалалық ауруханаларға жатқызылды. Кейбір пациенттер Түркістан облысының аудандық ауруханаларында емделуде. Медициналық көмек көрсету үшін жалпы 22 жедел медициналық бригада жұмылдырылды. Олардың ішінде төрт бригада Жамбыл облысынан жіберілді. Қазіргі уақытта қосымша 52 бригада дайындықта отыр. Екі тікұшақ дайын. Жалпы, Алматы қаласынан көмек көрсету үшін екі мортедисциплинарлық команда жіберілді. Олардың арасында реанематолгтар, травматологтар, нейрохирургтар бар. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде екі бала жатыр. Барлық науқастар Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында», - деді Елжан Біртанов.
Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.
Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.