"Абзал и К" ұжымы Арысқа 5 тонна ақ күріш жөнелтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда толық эвакуацияланған Арыс қаласының тұрғындарына көмек ауадай қажет. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білген халық қолдан келген көмекті көрсетуде. Осы орайда "Абзал и К" ұжымы Арыстың тұрғындарына көмек ретінде 5 тонна ақ күріш жөнелтуде.
«Арыс қаласында орын алған оқиға елді дүр сілкіндірді. Бұл жағдай барша қазақ жұртының жүрегіне ауыр тигені белгілі. Мұндай қиын кезде «Абзал и К» компаниясы да өз көмегін көрсетуде. Бізге қол ұшын созған облыс әкімдігі мен облыстық және қалалық ауылшаруашылығы мекемелеріне алғысымды білдіремін. Сондай-ақ барша жерлестерімді көмек қолын созуға шақырамын», - дейді серіктестік директоры Мағжан Ералиев.